Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Театрға басшы болған Азамат Сатыбалды “хайп қуғандарға” қойылым арнады

Жақында ғана Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы атанған Азамат Сатыбалды 2019 жылдағы алғашқы қойылымды көрермен назарына ұсынды. Ол биылғы тұсаукесерге “хайп” тақырыбын арқау еткен деп хабарлайды “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Азамат басқаратын театрдың жаңа жылдағы алғашқы қойылымы – “Ұмытыңдар оны…” деп аталады.

Шығармашылық ұжым Григорий Гориннің “Забыть Герострата” пьесасының қазақшаға аударылған нұсқасын сахналаған.

“Шындығы керек, бұл “хайп” деген баяғыда болған. Қазір де бар, кейін де болады. Бірақ әр уақытқа байланысты сол терминнің атауы өзгеріп тұрады.

Қазір “хайп” десе, бұрын басқа деген шығар. Сондықтан кезіндегі “хайптың” қандай болғанын, кезінде өмір сүргенін біз қазір сахнадан көрсететін боламыз”, – деді Азамат Сатыбалды.

Бұл спектакльде атақ үшін 120 жыл бойы салынған ғибадатхананы бір-ақ күнде өртеген саудагердің әрекеттері көрсетіледі. Ақырында оған Құдайдың қаһары, сот пен өлім де еш әсер етпеген екен.

Айта кетерлігі, қойылымдағы басты кейіпкерді “Алашұлы” тобының әншісі әрі актер – Мақсат Рахмет сомдайды.

“Біз кішкене авторға қарсы шығып, Геростратты тірі қалдырдық та, халықтың ішіне кіргізіп жібердік. Яғни, біздің арамызда Геростраттар толып жүр деген сөз”, -деді Мақсат Рахмет.

Источник: nur.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЕАТР ДА ЖОЛДАУДЫ ТАРАЗЫЛАДЫ

admin

86 жылғы оқиға – Қазақ халқының басынан өткен небір нәубеттің нүктесі іспетті. Сол нүкте қойылып, елімізде бейбіт, тыныш заман орнады. Тәуелсіз ел болдық. Өз басшымыз, өз туымыз, өз әнұранымыз болды. Сол оқиғадан кейін қазақ дейтін өр халықты танитын болды әлем. Құрметтейтін, бас иетін болды. 86 жылы алаңға шыққан сол кездегі жастар – қазірде ұрпағын Тәуелсіз елде тәрбиелеп отырған бақытты жандар десек те, ол оқиға бұл кісілердің жүрегіне өшпес жара салған, ең қорқынышты да, қиын кезең болып естерінде қалып отыр. Жазықсыздан жазықсыз, қыршыннан қиылған жап-жас жолдастарынан көз алдында айрылып қалу – ешқашан ұмытылмаса керек. Наркомандар, бұзақылар деп түрмеге жапқанда, жазықсыз екендіктерін дәлелдей алмай ашынған шығар. Желтоқсан оқиғасына қатысып, Тәуелсiздiк үшiн күрескен аға-әпкелерiмiз, атап айтсақ, Республикалық “Желтоқсан-86″ Тәуелсiздiк қырандары” Халық қаһармандары қозғаласы төрайымы – Жүнiс Гүлбаһрам Есмұратқызы, “Желтоқсан-86” Республикалық тәуелсiздiк күрескерлерi – Сейтiмбет Үсiпхан ағамыз бен Сейтiмбет Гүлнар апамыз бүгiн #КейiпкерКелбетiмейман бұрышында қонақ болып, көрермендердiң сұрақтарына жауап бердi. Кездесуден естелiк суреттер.

admin

СЫН САРДАРЫ ӘШІРБЕК СЫҒАЙ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ