Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Роза Әшiрбекова – өмiрiн театрға арнаған жан. Сахнада сан түрлi рольдердi сомдап, өмiрде жан-жағына шуақ шашып жүрген, театр әртiстерiнiң анасына айналған аяулы кiсi. ҚР Халық әртiсi атағынан бөлек, көрермендерiнiң ыстық ықыласына, шынайы сүйiспеншiлiгiне бөленген ардақты ана! Өмiр жолы ұрпаққа үлгi боларлық анамызға арналған өлеңдi өздерiңiзге ұсынамыз.

Уа, халқым!
Жанарынан шуақ ескен,
Бейнесі бір сәт, сірә, шыға ма естен?! –
Көкшенің баурайында өмірге кеп,
Сол Көкше қайыңындай бұрала өскен;

Зұлмат жыл әнін де ұрлап,
Сәнін де ұрлап,
Салғанда ел басына ауыр бұлғақ,
Соғыста балалығы қаза болып,
Өскен қыз ел-жұртының зарын тыңдап.

Өмірі зарлы күйдей шерткен анам,
Өнері болған, елім, дертке дауаң.
Сұм соғыс күйдірсе де, жандырса да,
Шыққан гүл оттан аман – өрттен аман.

Иә, гүл! –
Жайнасын деп көңілдер нұр,
Ойлансын,
Мән тапсын деп өмірден бұл,
Өнердің сезіндіріп құдіретін,
Өлмейтін жүректерге егілген гүл.

Тұлғасын ел де есіне,
Жер де есіне,
Тарих та сақтап қалды зердесіне.
Мен сенем!
Қазақ барда,
Жүрек барда,
Осы гүл сембесіне, өлмесіне!

Қазақтың бақ-мерейін аспандатып,
Үн емес,
Көмейінен шашқан жақұт.
Ел үшін,
Өнер үшін қызмет етті,
Сахнада елу жылдан астам уақыт.

Сөйлесе зал сүйсініп, тынды дәліз,
Әр ісі – есі барға үлгі нағыз.
Еңбегі – жаза алғанға том-том кітап,
Сомдаған рөлдері – бір-бір аңыз.

Тарихтан тамыр тартқан бұл аңызды,
Марқайып,
Бүгін өлең қылам ізгі.
Ағайын, ал, ендеше, қарсы алайық,
Әженің кейпіндегі тірі абызды!

Қуаныш Жазай

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әкемтеатрда «Театр әлеміндегі рухани жағыру» атты көрме ашылды (ФОТО)

admin

Театрымыздың актрисасы Динара Шымырбаева “Жаңа күн” бағдарламасының қонағы.

admin

«АЛТЫН САҚА» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ