Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 9 қараша күні Баянғали Әлімжановтың «Супер Серкеш» комедиясының премьерасын жасады. «Көрерменнің көптігі – қойылымның  жетістігі» (Тадаси Судзуки) дегеннің шынайы өмірде көрсеткіш бола бермейтіне осы жолы тағы да көз жеткізгендей болдым.  Соңғы жылдары өз атына сай балалар мен жасөспірімдерге емес жалпы көрерменге арналған туындыларға көбірек көңіл бөле бастаған өнер ордасының бұл қойылымы да репертуарлық саятатқа сай келеді деу қиын. Премьерасы кезінде бас кейіпкер ауыл мектебінің мұғалімі Меңсұлудың (Гүлбаһрам Байбосынова) бейнесі Г.Байбосынова мүлде ашылған жоқ. Ісі мен әрекеті қабыспағандықтан, қойылым соңында айтқаны сылдыр сөз сияқты боп қалды. Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмаханның орындауында жұртшылық арасында зор танымалдыққа ие болған «Алло» (сөзі Қайнар Алакөзов, әні Құрал Молжанов) әні  де тек көрерменнің көңілін табу үшін жасалғандай әсер қалдырды. Көрерменді қалай болса да күлдіру керек деген оймен жасалған кейбір эпизодтар мен ойдан-қырдан құрастырылған жеңіл әзілдер қойылымның салмағын тіпті жеңілдетіп жіберді. Бір қайнауы ішінде жатқан, әлі қырнап, жойылмаған шикі дүниені сахнаға шығаруға рұқсат берген Көркемдік кеңестің көздеген мақсат-міндетін түсіну қиын.

Бұған дейін 17 пьесса жазып, қойылымдары 11 театрдың сахнасына шығарылған Баянғали Әлімжановтың бұл комедиясы Мүсірепов театрында қойылып отырған алғашқы шығармасы емес. Оның «Құдалық» деген туындысын осында 2000-жылдары Нұрқанат Жақыпбай қойған болатын.

«Жас жігіт пен қыздың тағдырына арналған бұл пьессаның әу бастағы тақырыбы «Қаптан шыққан қара қыз» болатын. Жанат Хаджиев ағамыз оны  «Супер Серкеш» деп өзгертіп  отыр. Кейбір жерлерін бірге отырып өзгерттік»,  – деп  ағынан жарылған Б.Әлімжанов пьесса авторы болғанмен оның сахналық нұсқасы толықтай режиссердің шешімімен жасалғанын айтты.

Осы арада ұлы Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бір таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы» дегені еріксіз еске түсіп тұр.  Сонымен жаңа қойылымның премьерасы дүбірлеп өтті. Ал оның театр репертуарынан қаншалықты өз орнын табары енді мәртебелі көрермен мен театр басшылығының қолында.  Бұған сіз не дейсіз оқырман?

Ерлік Ержанұлы

Ақпарат көзі: http://www.qazaq-alemi.kz/news?id=2992

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ АШЫЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

admin

Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шыңдар мен биік белестер тілейміз!

admin

Сегіз қырлы, бір сырлы азамат, театрымыздың артисі – Бақыт Тушаевтың “Той жырын” 8-қараша күні сағат 20.05-те Астана телеарнасынан тамашалай аласыздар.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ