Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ӨНЕР ҰЖЫМДАРЫ АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

Балнұр АХМЕТ

 ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Хабар» телеарнасы «Жаңа күн» бағдарламасының ұйымдастыр­уымен Алматы қаласындағы өнер ұжымдары арасында волейболдан жарыс өтті. Сайыста М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсі­репов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Ақсарай» театры, «Алатау» эстрада жұлдыздарынан құралған өнер ұжымдары өзара күш сынасты. Спорттық сайыс қорытындысы бойынша Ғ.Мүсі­репов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры І орынды иеленіп, жеңіс жалауын желбіретті. ІІ орынға М.Әуезов атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық драма театры, ал, ІІІ орынға Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Ақ­сарай» театры ұжымы қол жеткізді.  Сондай-ақ, Ғ.Мүсіре­пов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Мақсат Сәбитов «Ең үздік ойыншы», ал актриса Лидия Кәден «Ең үздік жанашыр жанкүйер» аталымдары бойынша марапатталды.

Айта кетерлігі, бұл бас жүлдеге ие болған Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының спорттық сайыстардағы алғашқы жеңісі емес. Естеріңізге сала кетсек, жастардың сүйікті театры биыл мамыр айында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған өнер ұжымдары арасында өткен жарыста да жеңіс тұғырына көтеріліп, өз ортасынан озып шыққан болатын. Аталған сайыста театрдың ұйымшыл ұжымы футболдан, волей­болдан және 100 метр қашықтыққа жүгіруден І орынға ие болып, жеңіске жеткен еді. 70 жылдық тағылымды тарихы бар өнегелі өнер ордасының болашақта байрақты бәсекелерде жеңіс жолын жалғай беруіне тілектеспіз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

20 11 Студия қонағы ЕДІЛ РАМАЗАНОВ

admin

Таланттар тоғысқан театр

admin

Театр және кино актеры Асет Иманғалиевтің құттықтауы.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ