Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Назарбаев Нығматулин мен Көшербаевты орденмен марапаттады

 

“Отан” орденімен Ескендік Хасанғалиев марапатталды. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев” орденімен Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев марапатталды. І дәрежелі “Барыс” орденімен – Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев, ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен – Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев марапатталды.

Белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі “Парасат” орденімен атап өтілді, олардың арасында әнші Нұрлан Абдуллин, “Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры” РМҚК әртісі Лидия Кәден, “Назарбаев Университеті” ДББҰ президенті Катсу Шигео бар.

ІІ дәрежелі “Достық” орденіне “Қазақстан театр қайраткерлері одағы” РҚБ төралқасының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов, “Корё” Жамбыл облысының корейлер қауымдастығы” ҚБ президенті Лаврентий Кан, “Қазақстандық дүнгендер қоғамдастығы” ҚБ басқарма мүшесі Шакир Хахазов және басқалар ие болды. Тағы бірнеше қазақстандық “Құрмет” орденімен марапатталды.

© Egov.kz“Еңбек Даңқы” орденінің алғашқы иегерлері болып өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 52 жұмысшысы мен еңбеккері атанды.

“Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы ғылым, мә­дениет және әлеуметтік са­ланың 50 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 326 адам марапатталды.

Әскери және қызметтік бор­ы­шын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі “Айбын” ордендерімен, “Ерлігі үшін” және “Жауынгерлік ер­лігі үшін” медальдарымен марапатталды.

Ақпарат көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-nyigmatulin-men-kosherbaevtyi-ordenmen-266918/?_utl_t=fb

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

admin

Күйеуінің қазасын естіп тұрып, комедиялық ролін сомдаған актриса

admin

Театр және кино актеры Ербол Идрисов режиссер Мұрат Бидосовтың “Ғұмырдария” фильміне түсуде. Фильмдегі кейіпкері – Шернияз. Фильмнің түсірілімі мен қай кезде телекөрермендерге жол тартатындығы туралы парақшамыздан болашақта білетін боласыздар.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ