Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«МЫҢ БАЛА» ƏРТІСТЕРІ МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНА НЕ БЕРЕ АЛАДЫ?

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қазақ жастары арасында аса танымал актерлер Асылхан Төлепов мен Аян Өтепбергенді қатарға қосты. Жаңа маусымды жаңа басшымен бастағалы отырған театр жас актерлерге сенім артып отыр.

CPCsDmfVEAEXppmБелгілі сықақшы Сәбит Әбдіхалықов театр тізгінін ұстағалы көп бола қойған жоқ. Бұл да болса жаңа басшының театрға көрермен тартудағы бір жүрісі болса керек. Қазірдің өзінде Асылхан мен Аян — Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындалып жатқан М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэтикалық дастанының басты рөлдеріне бекітіліп үлгерді. Қойылымның премьерасы 14, 15-ші қазан күндері болады.

Аталған қос сардар — Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Бірнеше фильмге түскен. Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілік ықыласына бөленген қос актердың театр сахнасындағы өнерін алдағы уақытта көретін боламыз.

«Ұлт-ақпарат»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Аян Өтепбергеннің орындауында М.Мақатаевтың “Қап-қара” поэзиясы

admin

«Абайдан-аманат» концерт-спектаклі ABAI TV арнасынан көрсетіледі

admin

Балалар мен жасөспірімдер театрына – 70 жыл

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ