Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Маусым айында Астанада ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі өтеді

Маусым айының 16-сы мен 29-ы күндері аралығында Астанада ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі өтеді. Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұйымдастырып отырған ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестиваліне «Piccolo Teatro di Milano» (Италия), «1927» (Ұлыбритания), «THEATER 11» тәуелсіз интернационалдық театры (Германия), «Meno Fortas» (Литва), «TRWarszawa» (Польша), Ш.Руставели атындағы Грузин мемлекеттік академиялық театры (Грузия), «Beijing People’s Art Theatre» (Қытай), «Nakamura Gekijo» (Жапония), Өзбек ұлттық академиялық драма театры (Өзбекстан), «Московский Губернский Театр» және Ленсовет атындағы Санкт-Петербург академиялық театрлары (Ресей) қатысады деп күтілуде.

Қазақстан атынан аталмыш шараға М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры және «Астана мюзикл» театрлары қатыспақ.

Бұдан бөлек «Астана» театр фестивалі аясында франциялық кино және театр әртісі, Оскар сыйлығының иегері Жюльет Биноштың шеберлік сабағы мен моноспектаклі өтпек. “The Qazaq Times”

Ақпарат көзі: http://qazaqtimes.com/article/40074 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Подарить детям радость

admin

АЗАМАТТЫҢ АНАСЫ, ЖӘКІБАЕВТЫҢ ЖАРЫ

admin

ЖАЗУШЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ…

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ