Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Махаббат хаттарын» көруге театрға шақырамыз!

18 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Махаббат хаттары” атты драманың тұсаукесері өтеді.
Американдық өршіл сенатор ғұмыр бойы өзімен хат алысқан әйелдің қазасынан кейін өткен өмірін бір сәт еске алады.
Екі жүрек, шөліркеген кейіп… Құнарсыз күлкі мен тамшы көз жасы. Хаттар, хаттар…
Бір-бірін іздеу, сағыну, аңсау, күту, күю мен жану… Әлемнің әр түкпірінде өз өмірлерін сүріп жатса да, алғашқы Махаббатты ұмытпау.
Қос кейіпкер, екі артист: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері –
Мелисса – Тынышкүл Сұлтанбердиева, Энди – Қадырғазы Қуандықов сахна төрінде, «Махаббат хаттарына» жан бітіреді.
Жан тебірентерлік драманы көріп әсерленгіңіз келсе,  «Махаббат хаттарын» көруге келіңіз! Қойылымда психологиялық толқыныстардан өзге ештеңе де жоқ. Және қажет те емес!
Авторы – Альберт ГЕРНИ
аударған – Ағзия Көлбаева
Қоюшы-режиссері – Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы-суретшісі – Қуат Түстікбаев
Қойылымның басталуы 18.30-да. 
Ақпарат көзі: http://alashainasy.kz/culture/mahabbat-hattaryin-koruge-teatrga-shakyiramyiz-83676/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

О, сахна, күрсіндірген, күлдірген…

admin

Роза Әшiрбекова – өмiрiн театрға арнаған жан. Сахнада сан түрлi рольдердi сомдап, өмiрде жан-жағына шуақ шашып жүрген, театр әртiстерiнiң анасына айналған аяулы кiсi. ҚР Халық әртiсi атағынан бөлек, көрермендерiнiң ыстық ықыласына, шынайы сүйiспеншiлiгiне бөленген ардақты ана! Өмiр жолы ұрпаққа үлгi боларлық анамызға арналған өлеңдi өздерiңiзге ұсынамыз.

admin

желтоқсан айының репертуары

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ