Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов театрына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев келіп жобалық кеңсенің алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Бүгін Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев келіп жобалық кеңсенің алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Кездесуде театрымыздың әкімшілік-басқару мүшелері: театр басшысы Азамат Сатыбалды, директордың орынбасарлары, және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Нүсіпәлі Ұлан және басқару бөліміндегі басқа да жауапты мамандар қатысты.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және театр қызметкерлері мен көрермендер үшін қолайлы жағдай жасау.  Мемлекеттік ұйымдардың жұмысы ашық болуға тиіс. Ол үшін ауқымды қоғамдық бақылау енгізілуде. Осы орайда аталған және көптеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Марат Камзолдаев айтып өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Көңіл толқыны». Анимация. Тынышкүл Сұлтанбердиева, Нұрбақыт Намазбеков

admin

ИРАН-ҒАЙЫПТЫҢ ТЕАТР КӨКТЕМІ

admin

ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫНА АЙНАЛҒАН САЯБАҚ

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ