Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов театры кәсіби мерекені атап өтті

Бүгін халықаралық театр күні. Осы мерекеге қарсы, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры дәстүрлі «Алтын сақа» фестивалін өткізді. Осылайша, жылдың үздік қойылымдары мен актерлерін анықтады.

Осымен екінші рет өткізіліп отырған фестивальге алғаш рет сахналанған 8 спектакль қатысты. Олардың ішінде топ жарып, көрермен ықыласынан шыққан ең үздік қойылым ретінде театр басшысы “Бір сен үшін тудым” деген атпен танылған Шекспирдің Ромео мен Джульеттасын атап өтті. Айтуынша, шараның негізгі мақсаты актерлердің шеберлігін шыңдап, қойылымдардың көркемдік деңгейін көтеру.

СӘБИТ ӘБДІҚАЛЫҚОВ, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

– Біз өскелең ұрпақты тәрбиелейтін театрмыз. Ертең үлкен театрларға, Әуезов театрларына көрермен дайындайтын театрмыз. Сондықтан бізде әр шығармаға келген кезде өте тәрбиелік мәнісі бар, арсыздыққа, ұятсыздыққа кетіп қалмайтын, балаларды дұрыс өмірге тәрбиелеу. Көрерменді жинағанда тек қана ақша жинап алу емес, біздікі тәрбие беру.

Фестиваль барысында актерлерді ынталандыру мақсатында бірнеше аталым бойынша жүлделі орындар берілді. «Жыл актрисасы» аталымын театр қабырғасында 14 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген Жанар Мақашева қанжығалады. Жас актриса болашақта тарихи рөлдерді сомдауды армандап жүр екен. Ал әзірше театрға жаңа леп, қазақ драматургтарының жаңа пьесалары жетіңкіремей жүр -дейді.

ЖАНАР МАҚАШЕВА, Жүлдегер:

– Жаңадан жазылса қойылымдар, тіптен қатып кетер еді. Біздің қазақ драматургтары жазса, оны қазақ театрлары қойса жаңа бір леппен жақсы болады деп ойлаймын.

Театр ұжымы бұл Ғабит Мүсіреповтың 115 жылдығына арналған мерекелік шаралардың бастамасы ғана деп сендірді.

Жанар Жолтаева, Данияр Жүсіпов

Ақпарат көзі: http://www.31.kz/video/show/id/17462/show/ib

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың артисі – Данияр Базарқұловтың ”Ақжүніс” журналына берген сұхбаты

admin

Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шыңдар мен биік белестер тілейміз!

admin

«АЛТЫН САҚА» ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ