Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова
Новости учреждения

Гастрольдік сапар

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАҚ өкілдерінің назарына!

Өтетін орны: С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының кіші      залында

Өтетін күні  :  9 сәуір 2015 жыл

Басталуы     :  11.00

2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атап өтілуде. Ең басты мәселе – Қазақстан Халықтар Ассамблеясы көтерген Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуі болып отыр.

Осы орайда, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, көптеген саңлақтарды дүниеге әкелген киелі топырақ – Сарыарқа өңірінінің жұртшылығымен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімізбен бөлісіп, Қарағанды халқына жаңа да тың сахналық туындыларымызды паш етпек ойдамыз.

Ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалысаясатының өзегі – ел бірлігін сақтау. Бірліктің арқасында еңселі ел болудың даңғыл жолына түсіп, әлеуетіміз артып, дәулетіміз еселенуде. Елбасымыз ұстанған осы бағыт-бағдарды алдымызға жаққан жарық шырақтай игі мұрат-мүддеміз етіп, еліміздің патриот азаматы ретінде қолдап-қуаттауды басты парызымыз деп санап, театрдың осы гастрольдік сапары жайлы, үстіміздегі жылдың жетістіктері және алдағы жоспарлар жайында театр директоры – Сұлтан Сраилов, көркемдік жетекші – Ерлан Біләлов,  Лидия Кәденова, Сағат Жылгелдиев, Жібек Лебаева, Шолпан Сіргебаева, Рахман Омаров, Әсет Иманғалиев,  Бақыт Тушаев, Гүлбахрам Байбосынова, Данияр Базарқұлов, Еділ Рамазанов  т.б артистердің қатысуымен  баспасөз-конференциясы өткізіледі.

Көрерменге ұсынылатын  қойылымдар:

1) 9 сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  (авт. Ғ.Мүсірепов, реж. Ж.Хаджиев)трагедиясы;

2) 9-11 сәуір «Ер көжек» (авт. Ө.Боранбаев, реж.И.Әбілмәжінов) ертегісі;

3) 10 сәуір «Қара шекпен» (авт. Г.Хугаев, реж.А.Маемиров) әфсанасы;

4) 11 сәуір «Мен,  ұмытылмаймын…»  (авт. М. Мақатаев, инсц. және реж. Б.Сейітмамытұлы)  лирикалық  драмасы;

5) 12 сәуір «Келіндер көтерілісі» (авт. С.Ахмад, реж. М.Ахманов) комедиясы;

6) 13 сәуір «Естайдың  Қорланы»  (авт. Иран-Ғайып, реж. М. Ахманов) махаббат-намасы.

 

Баспасөз бөлімі

тел: 87019514347

Мурзалиева Зауре

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Классика для современников В ТЮЗе имени Мусрепова готовят постановку по роману-эпопее Мухтара Ауэзова «Путь Абая»…

admin

От всего сердца.Амина Умурзакова (3.12.18)

admin

«Ұмытыңдар оны» ұмытылмас әсер сыйлады…

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ