Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Бірлік, береке – басты мақсат

Талғат Есенәлиев, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас-өспірімдер театры директорының орынбасары:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы еліміздің еңсесін тіктеп, жаһандық дағдарыс жағдайында өсім мен дамуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін нақтылап берді. Дағдарыс деп даурықаннан ештеңе ұтпайтынымызды, оны көп болып күресу арқылы ғана еңсере алатынымызды қадап айтты. Біздің экспорттық өнімдеріміз ғана емес, іс жүзінде барлық әлемдік нарықтардың – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-түлік және басқа да тауарлардың тұрақсыздыққа тап болғанын түсіндірді.

Расында да, айналамызға көз тастасақ, дүниежүзінің барлық мемлекеттерінде экономикалық өсімнің баяулауы байқалуда. Экономикалық қиындықтар әлемдік геосаясатта түрлі түйткілдерді туындатып, ел мен елдің арасын алшақтатуға себеп болып жатқанын да көзіміз көріп отыр. Мұндай қиындықтар өз басымызға да түспес үшін сын-қатерлерге қарсы нақты мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек. «Жаһандық дағдарыс – ол  тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер», – деді емес пе Мемлекет басшысы? Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңін сәтті пайдаланғанын мысал ете отырып, Қазақстанның да үнемі сыртқы экономикалық кедергілерге кереғар дамып отырғанын айтты. Тәуелсіздік алғалы бері басымыздан өткен алмағайып кезеңдерді еске түсірген Елбасы қазіргі жағдайымызға шүкіршілік етуіміз керегін ескертті.

Меніңше, байбалам мен шағымды тыйып, нақты іске, Президент ұсынған шешімдерді жүзеге асыруға көшетін болсақ, ертеңімізге алаңдауға негіз жоқ. Елбасы межелеп берген міндеттердің жүйелі орындалуы – сіз бен біздің болашағымызды баянды етудің ең игі жолы.

Ақпарат көзі: http://turkystan.kz/sayasat/8433

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты 2021 жылғы 29 тамыз – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

admin

В Астане прошла первая церемония награждения Национальной театральной премией «Сахнагер – 2017»

admin

«Бір түп алма ағашы» драмасы көпшілікке ұсынылды

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ