Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Қазақ театры мен киносы орны толмас қазаға ұшырады…

Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері жаны, жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті…
Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
17.05.2022 жылы сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында ҚОШТАСУ РӘСІМІ өтті.
45 жыл киелі сахнада үздіксіз қызмет еткен,  кино саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ағамызды мәңгілік сапарға шығарып салдық.

Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым Жәкібаев. «Тарих. Тағдыр. Тұлға»

admin

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

admin

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ