Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Алматыда «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің фестивалі ашылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалінің ашылуына орай, баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда театр басшылығы аталмыш іс-шараның қыр-сырына тоқталды.

«Бұл – ел театры тарихында балаларға арналған тұңғыш фестиваль. Бұл ішкі фестиваль болғандықтан, көрермен назарына біздің театрда қойылып жүрген спектакльдер көрсетіледі. Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат – актерлардың шеберлігін шыңдау және ертегілерге негізделген театр қойылымдары арқылы жас көрермендерді ұлттық рухта патриоттық тәрбие беруге күш салу», – деді өз сөзінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіқалықов.

Сонымен қатар, ол фестиваль аясында әр түрлі аталымдар бойынша жүлделер тағайындалғандығын жеткізді.

«Жоспар бойынша фестивальді республикалық деңгейде ұйымдастыру көзделген еді. Бірақ, қаржы дағдарысына байланысты ол жүзеге аспады. Бірақ, біз «ақша жоқ» деп қарап отырмай, ішкі қаржымыздан жүлделер тағайындадық. Жалпы, жүлде қоры – 700 мың теңгені құрады. Әр аталымға 50-100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақылар қарастырылды. Болашақта бұдан да көлемді  болады деген үміттеміз», – деді С. Әбдіхалықов.

Бұл фестивальде Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл», «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» аталымдары қарастырылған. Марапаттау рәсімі 27 наурызда, яғни Халықаралық театр күні өткізіледі.

Айта кетелік, фестиваль аясында 24 наурыз күні сағат 11:00-де – «Наурыз думан», сағат 13:30-да – «Ер көжек», 15:30-да – «Алтын мүйізді киік», 25 наурыз күні сағат 11:00-де – «Томпақпен келген Жаңа жыл», сағат 14:00-де  – «Маугли» және 26 наурыз күні сағат 11:00-де – «Батыл көжектер», сағат 14:00-де «Алдар көсе» спектаклдьдерін көрсету жоспарланған.

20160324133630 20160324133638 20160324133642 20160324133646 20160324133650 20160324133654 20160324133657 20160324133700 20160324133703

Ақпарат көзі: http://www.kazinform.kz/kaz/article/2884661

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың актрисасы Динара Шымырбаева “Жаңа күн” бағдарламасында. #Жаңакүн

admin

Алматылық бүлдіршіндер “Томпақпен келген Жаңа жыл” ертегісін тамашалады.

admin

“Аманат” концерт-спектаклінің премьерасы өтті

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ