Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Қайырылымдылық шырша

Жаңа жыл таяп келеді. Алматы қаласының Әуезов және Наурызбай ауданының жас тұрғындарына арнап мерекелік шаралар ұйымдастырды жауаптылар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған топтардың бүлдіршіндері бар. Олар сахналанған көріністі тамашалап, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды.

Алматы қаласы Әуезов ауданының балалары үшін жаңа жылды театрда өткізу дәстүрге айналған. Биылғы  мерекеге 500-ден астам бүлдіршін қатысыпты. Сахналанған ертегі де көрсетілді мұнда.

Қазір аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 2000-нан астам баласы тіркеліпті. Оларды түрлі шарадан шет қалдырмауға тырысамыз, дейді әкімдіктегі жүрегі жұмсақ жауаптылар.

«Ауданымызда 500-ден астам баламызды осы театрға шақырып, әкімнің атынан сыйлықтар табыстап және спектакль ұйымдастырылды. Біздің міндетіміз осы балаларды мұндай шарада ғана емес, әртүрлі мерекелерде қамтылады», – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайран Сайфеденов.

Жаңа жыл мерекесін Алматы қаласының сүт кенжесі Наурызбай ауданында да өз дәрежесінде аталып өтті. Мұнда 200-ден аса балаларға театрландырылған көрініс қойылып, сыйлықтар табысталды.

Балалардың жақсы көретін ертегі кейіпкерлері де жиналды осында. Түрлі сайыстар, қойылымдар көрсетілді. Наурызбай ауданында мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 1200 баласы тіркелген. Шараға келе алмаған бүлдіршіндерге сыйлықты үйіне апарамыз, деді жауаптылар.

«Жаңа жыл шыршасына ауданымыздың 210 жас бүлдіршіндерін шақырып отырмыз. Оның арасында мүгедек балалар да, жетім балалар да, «Ақ үміт» балалар үйінің балалары да бар. Театрландырылған көрініс, концерт көрсетіп жатырмыз. Сол 210 балаларға әртүрлі сыйлықтар береміз», – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Піралиев.

Жаңа жылға арналған шаралар желтоқсанның аяғына дейін Алматы қаласының барлық аудандарында өткізіледі. Мерекелік көңіл күйдің барлық бүлдіршіндердің есінде қалуын мақсат тұтамыз дейді ұйымдастырушылар.

Азамат Әуезхан, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы

Ақпарат көзі: http://www.almaty.tv/kz/news/111-1/zha-a-zhyl-merekes-nauryzbay-audanynda-z-d-rezhes-.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Серік Асылбекұлы. Желтоқсан түні

admin

Алматыда дәрігерлерге құрмет көрсетілді

admin

«Қобыланды», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Анна Каренина» көрерменін қуантпақ…

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ