Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

АДАМИ КАПИТАЛ – ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

Тәуелсіздігіне ширек ғасырдан асқан тұғырлы еліміздің сан ға­сырлық тарихында небір қиын-қыс­тау, ұлт ретіндегі ұзақ жолында соқ­пағы мен бұралаңы көп тағдыр­лы шақтар өткен. Ата-бабаларымыз аңсаған бүгінгі ақ таңдарға біз бен біздің балаларымыз жетіп отыр.

Келешек ұрпағымыздың болашағы кемел боларына алаңдамай, еңсе­мізді тік ұстап, ертеңімізге нық сене қарап, алаңсыз еңбек етудеміз. Дүние жүзінің кей түкпірлерінде саяси һәм әлеуметтік тұрғыда қым-қуыт қиыншылық көріп немесе қыспаққа ілігіп, тіпті, қан кешіп жат­қан елдер де аз емес. Бағымызға қарай, еліміз жыл санап жаңару, жаңғыру және ай санап айбары аса түсіп, күн санап көркею үстінде. Ел­басымыздың бүгініміз бен келер ширек ғасырға жасаған сарабдал саясаты мен атаулы айқын бағдарла­малары мемлекеттігіміздің мығым болуы мен елдігіміздің әлем алдын­дағы бет-бедер, абыройының арта түсуі межесінде адастырмас шы­рағ­дан сынды тура жол сілтеп келеді.
Президентіміз Н.Назарбаев­тың жыл сайынғы кезекті Халыққа Жолдауы – тиісті атқарушы орындар мен әрбір қазақ елінің азаматына бағыт-бағдар берер қолдағы сүйеніш-картасы іспетті. Елбасымыздың биылғы Жол­дауы жүзеге асырылуы тиіс нақты 10 міндет, мәселелерді қам­ти­ды екен. Елдік тұрғыда не атқа­рылды, нелер атқарылуда, ендігі жерде атқарылуы кезек күттірмей­тін нендей істер жалпы еңбекте, өндіріс пен кәсіпте алғы шепке шығуы тиіс? Міне, осындай сұрақ­тар төңі­регінде ой түйер болсақ, әрбі­ріміз үшін жол сілтер жауаптар осы «ондықтың» төңірегіне топ­тасты­рылыпты.
Жолдау «Төртінші өнеркәсіп­­тік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» аясында жүзеге асырылуы керек негізгі 10 міндет төңірегінде өрбиді. Президент Жолдауын: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік рево­люция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа тех­нологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балалары­мызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде», – деген түйін­мен бастайды. Одан ары «Біз жаһан­дық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегия­сын қабылдадық», – делінген. Шы­нында, әлемде жаһандық ғала­мат өзгерістер өту үстінде. Тағды­рын сын-қатерлерге торлатып алған ел­дер де жоқ емес. Бағымызға қарай, Еліміз – Елбасымыздың: «дамыған отыз елдің қатарына кіру…», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы», «Индустрияландыру бағдар­ла­масы», «Цифрлы Қазақстан» және «Қа­зақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары» ұзақмер­зімді мақсатты бағдарла­маларын ұстанып, жан-жақты қарқынды даму үстінде. Биылғы Жолдау өнеркәсіптік шарықтап даму мен соған бейімделу және жетістікке жету жолында не істеу қажеттігін айқындайды екен.
Олар: Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізу. Кә­сіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бейімдік, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу. Инновациялық орталықтар мен технологиялардың қызметін арт­тыру, ұйымдастыру және қайта қарау. Экономиканы цифрландыру. Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын индус­трияландыру талаптарына бейімдеу; Ресурстық әлеуетті дамыту; «Ақыл­ды технологиялар» – агро­өнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүм­кіндігі; Көлік-логистика инфра­құрылымының тиімділігін арттыру; Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу; Қаржы секторын «қайта жаң­ғырту»; Адами капитал – жаң­ғыру негізі.
«Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін», – дейді Елбасымыз Н.Назарбаев. Біз де, еліміздің әлем­нің ең озық көшбасшы мемле­кеттерінің қатарына енуі жолында аянбай тер төгіп, ортақ жүгімізді жұмыла көтерісіп, Жолдауда атап көрсетілген атқарылуы тиіс міндеттердің жүзеге асырылуына үлес қосатын боламыз.

Сәбит ӘБДІҚАЛЫҚОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2018/01/13/38993.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

В Алматы празднует юбилей знаменитый Академический театр имени Габита Мусрепова Сюжет об этом знаменательным событии смотрите сегодня в программе #HEADLINER! Только на #HITTV

admin

Театрымыздың актрисасы, ҚР еңбек сіңірген артисі, “Құрмет” орденінің иегері – Лидия Кәден апамызды “ПАРАСАТ” орденіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

admin

“Балаларымның өнер адамы болғанын қаламаймын”. Актер Бақыт Тушаев балаларын қалай тәрбиелейді?

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ