Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Ғабит Мүсірепов театрында “Жусан иісі” драмасы қойылады

Аталмыш қойылымның тұсаукесері 6 желтоқсанда сағат 17.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болады.

«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған шығарма. Сюжетінде Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар суреттеледі. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен Аянның ішкі болмысы, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасы баяндалады.

Драма Сайын Мұратбековтің шығармасының желісі бойынша қойылмақ. Қойылымның режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тұңғыш рет “Алтын сақа” фестивалі өткізіліп жатыр

admin

70-ші театр маусымының ашылуында өткізілетін іс-шаралар жоспары

admin

Театрымыздың актеры – сегіз қырлы, бір сырлы азамат Талғат Келімбетовті 1 желтоқсан күні туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Денің сау, жақындарын аман, өнерің өрге жүзе берсін! Шығармашылық биіктерді бағындыруыңа тілектеспіз!

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ