Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы

admin

Туған кезі, жері: Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы 10 қаңтар 1985 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылында дүниеге келген.
2002-2006 ж. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық драма актері» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2011-2013 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында «Көрермендерге қызмет көрсету бөлімі» менеджері.
2014-2018 жыл аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Труппа меңгерушісі» болып қызметін атқарған.
2018-2021 ж. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында «Көркемдік жетекші» жауапты қызметінде болды.