Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ

admin

С.Асылбекұлы

«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ» (драма)

Қоюшы режиссері – Мұрат Ахманов ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы-суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі
Музыкамен көркемдеуші – Торғын Рақымбаева
Режиссердің ассистенті – Қадырғазы Қуандықов
Режиссердің  көмекшісі – Жанар Айжол
1986 жылдың әлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы…Сондай-ақ, оларды қала қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады. Ақыраяғында, аяғыауырболса да алаңғашыққанАқмаралқыз жат үйде – Баймырза атаныңшаңырағындакүніненбұрынбосаныпқалады.
Бұл – тек, осы кейіпкерлердің басында болған жәйттер ғана емес еді…
1986-да Алаңда болмаған адамдар спектакльді көріп отырып, сол күндер мен тікелей қауышқандай әсерде болады.
Спектакльдің премьерасы: 30 қараша, 2006 жыл