Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Жастар театрында IV Халықаралық театр фестивалі өтеді

Құрметті көрермен!

Астана күні мерекесі аясында өтетін “Сахнадан сəлем!” IV Халықаралық театр фестиваліне Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Г.Хугаевтың “Қара шекпен” (реж. Асхат Маемиров) əфсанасымен қатысады.

Барша елордалық көрерменді 25 маусым күні, сағат 11.00-де Жастар театрында күтеміз!

Авторы – Георгий Хугаев

Қоюшы режиссер – Асхат Маемиров

Қоюшы суретші – Индира Ихсан

Музыкамен көркемдеген – Динара Әбікеева, Болатбек Нұрқасымов

Балетмейстер – Ринат Билибаев.

Спектакль – Алматы «Ислам мәдениетінің астанасы-2015» болып жариялануына байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен қойылған.

Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам…

Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайыкпыз ба?!

Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, Жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…

«Қара шекпен» спектаклі – осы сұрақтарға жауап іздейді.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«АЛТЫН САҚА» атты жаңа қойылымдар фестивалінің ашылуына орай, баспасөз конференциясы өтеді!

admin

Мүсірепов театры «Ұмытыңдар оны…» қойылымын сахналады

admin

ДУБЛЯЖ ПАДИШАСЫ. Қазақстанның халық әртісі Мұхтар Бақтыгереевті ел әлі де осылай атайды

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ