Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Жастар мен балалар театрына 70 жыл болды

Биыл Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік-академиялық жастар мен балалар театрына 70 жыл. Өнер ордасының шымылдығы 1946 жылдың 4 шілдесінде түрілген еді. Сол уақыттан бері өнер ұжымы қазақ мәдениеті дамуына айрықша үлес қосып келеді.  1992 жылы Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығына орай театрға ұлы жазушының есімі берілді. Ал 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойында Академиялық театр дәрежесін иеленді.  Бұл сахнада әр жылдары Серке Қожамқұлов, Мәкіл Құланбаев, Мұхтар Бақтыгереев, Тамара Қосубаева, Әмина Өмірзақова, Райымбек Сейтметов сынды қазақ өнерінің марғасқалары еңбек сіңірген.  Балалар мен жасөспірімдер театры болып аталғанымен, қазақ әдебиетінің ұлы жазушылары Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Дулат Исабековтың туындыларымен қатар орыс, батыс класиктерінің және де өзге халықтардың таңдаулы туындыларынан репертуар кестесі қалыптасты. Қазір уақыт тынысмен үндескен түрлі жанрдағы 30 қойылымы бар. Сәбит Әбдіхалық, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар академиялық театрының директоры  -Өмірде болып жатқан жағдайларды сахнаға әдемілеп алып шығып, өз өмірін, мысалға кейбір спектакльдерімізден кейін кейбір көрермендеріміз ата-анасына көптен бері телефон соқпағаны есіне түседі. Сонымен қатар біздің еліміздің болашағына патриоттық тәрбиеге тәрбиелейтін бағытта жұмыс жасаймыз.
http://khabar.kz/kz/news/m-deniet/item/66304-zhastar-men-balalar-teatryna-70-zhyl-boldy
Ақпарат көзі: http://khabar.kz/kz/news/m-deniet/item/66304-zhastar-men-balalar-teatryna-70-zhyl-boldy

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Summer travel fashion, your holiday choice

admin

ТЕАТР ТЫНЫСЫ

admin

Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаттары.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ