Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Жарықты қосыңыз!

Ерте замандағы оқиға арқылы бүгінгі қоғамның патшасынан бастап, күзетшісіне дейін көрсеткен қойылым жайлы

Көптен бері театрға бармап едім. Оған кейінгі жылдары көрген спектакльдердің көңілден шықпауы себеп сияқты. Әйтпесе, интернатта оқып жүргенде айына бір, студент болғанда екі аптада бір «ТЮЗ-ға» не «Әуезовке» тартып отыратынмын.

Араға жыл салып кеше Мүсірепов театрында қойылған «Ұмытыңдар оны» деп аталған премьераны көрдік. Трагикомедия. Арагідік күліп отырғанымызбен, ішің жылай береді. Ашынады. Біздің заманымызға дейінгі оқиға сахналанып жатқанда қазіргі қоғамды көріп отырдық. Оның ішінде өзі бекіткен заңды өз қолайына орай өзгерте салатын патшаны, тән сұлулығымен талай еркекті етегіне жармастырған келіншекті, әділеттік үшін билікке қарсы кеп құрбан болған азаматты, түрмеге түссе де бостандықта жүргендерден әлдеқайда жақсы өмір сүретін «пысықтарды» таныдық. Иә, кеше театрға келген қауым сахнаға емес, үлкен айнаға қарап отырғандай күй кешкен шығар. Баршаға сондай әсер еткен қойылымға көппен бірге ұзақ қол соқтық. Браво!

…Басты рөлді сомдаған Мақсат Рахмет Герострат бейнесін жоғары деңгейде алып шықты. Елге әнші боп танылғанмен, актерлық шеберлігі театрға алып келіпті. Сол үшін қуаныштымын.

Сосын патша Тиссаферннің рөлі қатты ұнады. Сағызбай Қарабалин көкемізге де респект!

Еділ Рамазанов (Клеон) пен Жанар Мақашева (Климентина) бұған дейінгі сомдап жүрген кейіпкерлерін қалай әдемі ашса, бұл жолы да солай!

Енді жарықты өшіре беріңіз. (Жарық жайлы әзілді қойылымды көргендер түсінеді әм көргенде түсінесіз).

Ақпарат көзі: http://weekend.bugin.kz/1350-zharyqty-qosynhyz!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«ӨМІР СЫНАҒЫ» МЕН «ШАЛҒАЙДАҒЫ ОҚИҒА» ТЕЛЕХИКАЯЛАРЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕДІ

admin

Данияр Базарқұлов: Тұзардың кейпін кешкендіктен, «Қара шекпен» маған қатты әсер етті

admin

70-маусымның ұсынған сыйы көп

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ