Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова
ВИДЕОГАЛЕРЕЯ Новости учреждения

Жамантас жайлауында

Соңғы кезде тек отандық туризмге ерекше көңіл бөліп, халыққа Алакөлде демалуға кеңес беріп жүрген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы эко туризмді насихаттауды өзі бастап кірісіп кетті. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Жетісу жеріндегі Алакөл ауданы қатты ұнап қалған сияқты. Соңғы екі жыл қатарынан көлдің жағалауында дуатлоннан жарыс ұйымдастырған министр, бұл жолы Алакөлдің жайлауын насихаттауға да өзі кірісті. Демалыс күні «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамының төрағасы Сауат Мыңбаев, белгісі меценат Бауыржан Оспанов пен елімізге танымал спортшылар Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Арман Оспанов, Нұрбақыт Теңізбаев сынды бір топ азамат Жетісу жерінің тамаша табиғатын салт атпен аралады. Шараға қатысушылар Жоңғар Алатауының баурайымен 50 шақырымға жуық қашықтықты бірде желіп отырып, бірде шауып, бірнеше асулардан өтіп, Жамантас жайлауына көтерілді. Жамантас жайлауы теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Біз неге тауға шығамыз? Біз неге жоғары ұмтыламыз? Неге десеңіздер жоғары ұмтылған сайын адамның көзқарасы, адамның рухани байлығы, адамның өзіне деген, еліне деген қошаметі ерекше сезіммен анықталады.

Ақпарат көзі: http://informburo.31.kz/6658

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрымыздың аға буын актеры КР еңбек сінірген артісі, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Қадірбек Демесин Қазақ радиосының тікелей эфирге сүбелі сұхбат беріп келді.

admin

16 қараша күні театрымыздың артисі, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, киноактер – Данияр Базарқұловтың туған күні! Шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасы мен жақындарына амандық, еңбегіне жеміс, шығармашылық жеңіс, биік шыңдар тілейміз!!!

admin

История под витринами

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ