Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Жаңа жылдық оқиға

admin

Сұлтанәлі Балғабаев

«Жаңа жылдық оқиға» (музыкалық ертегі)

Қоюшы-режиссер– Сағызбай Қарабалин ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретші – Айдар Ихсан
Кез-келгеніміздің таңғажайып ертегілер әлеміне әсіресе, жаңа жылдық ертегіге саяхаттағымыз келетіні рас қой?!  Және біз Сіздерге осы ғажайыптар әлемін қызықтауға мүмкіндік бермекпіз!
Бала Жако, оның әпкесі Ботакөз бен достары Тузик және Мысық әдеттегідей ең көркем алаңда ойнап, ән айтып, би билеп, жаңа дүниелерді үйреніп жүреді. Осы жерде балалар Мультик есімді мейірімді қасқыр-артиспен танысады.
Жаңа жыл түні Мысық 1 жасқа толады. Бұл мерекені ол тағатсыздана күтуде. Себебі, ол оның Ең алғашқы Жаңа жылы!
Мысықтың достарымен бірге шыршаны безендіру мен мерекеге дайындығын бастауына көрші ауланың бұзықтары – сотқар бала Мико мен тентек күшік Бурик кедергі келтіреді. Себебі, бұларға ертегінің Зұлымы шыршаның сиқырлы жұлдызшасын ұрлап әкетуге бұйрық берген. Аяз ата мен Қарша қыздың келуімен нағыз жақсылық пен жамандықтың күресі басталады!
Спектакльдің премьерасы: 9 желтоқсан, 2016 жыл