Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БӘЙШЕШЕК

admin

Самуил Маршак
«Он екі ай» ертегісі бойынша

«ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БӘЙШЕШЕК» (музыкалық ертегі)

Қоюшы-режиссер – Сафуан Шәймерденов
Қоюшы-суретшісі – Қуат Түстікбаев
Хореограф – Медет Ағабылов
Музыкамен әрлеуші – Динара Әбікеева Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Жаңа жыл – барлығымыз асыға күтетін, ал, балалар үшін ерекше мереке.Аяз атаның мол базарлығы қуантып, ғажайыптар орын алатын түн.
Жаңа  жыл,  түнгі  сағат  он екіде  келетінін білеміз…
Сағат тілі он екіге санаулыминуттар  қалғанда, жер  бетіндегі  бүкіл аң-құстар мен барша тіршілік иелері, адам тілінде сөйлей алатын қасиетке ие болады. Тиын, қоян, қасқыр, қарға, тіпті, жылдың төрт мезгілі –  барлығына адамша тіл бітіп, бәрі  бірге  Жаңа  жылды  қарсы  алады.Ал, оларға  кездескен  адамның  бар  тілектері  орындалады.
Бұл ғажайып  оқиғаны  көзімен  көрген,  кішкентай    қыздың, ең қиын  арманы  орындала ма? Ақылсыз Ханшайымның Жаңа жылдық Шыршаға:«Көктем гүлі – бәйшешек тауып әкеліңдер», – деген  тілегііске асар  ма екен?
Білгілеріңіз келсе,  ғажайып  ертегіні  бірге  тамашалайық!
Спектакльдің премьерасы: 21 желтоқсан, 2017 жыл