Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Қойылымдар

«Қызыл орамалды шынарым» екі бөлімді драма

Авторы-Шыңғыс Айтматов
инсц және қоюшы режиссері – Талғат Теменов ҚР халық артисі, профессор
Қоюшы суретшісі- Бақыт Сраилов, ҚР мәдениет қайраткері
Киім үлгілерінің суретшісі- Әлия Әбдікәрімова
Биін қойған- Құралай Сарқытбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Музыкасын құрастырған – Талғат Теменов
Музыкасын құрастырушының ассистенті- Торғын Рақымбаева

Режиссердің ассистенті- Шынар Қабышева, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
Режиссердің көмекшісі- Гүлфайруз Смаилова
Редакторы- Ағзия Көлбаева
Ш. Айтматовтың «Арманым Әселім» хикаяты әлемнің көптеген сахналарынан лайықты орын алған ұлы шығарма. Бұл қойылым осыдан 45 жыл бұрын театр сахнасында сахналанған. Спектакль Мәскеуде өткен театр фестивалінде жүлделі орын алып, Чапай Зұлқашев, Байділдә Қалтаев, Мұхтар Бақтыгереев, Роза Әшірбекова сынды сахна шеберлері мемлекеттік марапатқа ие болған. Осы қойылым араға 45 жыл салып, жастар театрының сахнасында қайта сахналанып отыр.
Оқиға 60 жылдары, Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Долан асуында өтеді (Қырғызстан).
Қойылымда қырғыз және тәжік музыкасы, сондай-ақ кейбір шығармаларға арнайы жазылған аранжировка пайдаланылған.
Ш. Айтматовтың «Арманым Әселім» шығармасының негізінде сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» қойылымының басты лейтмотиві- жол. Адам өмірі-жол. Қайда бастайтыны, немен тұйықталатыны беймәлім. Кездейсоқ таныстық басталған Ілияс пен Әселдің шынайы махаббаты- мәңгілік. Алайда олардың басындағы бақыт-қас-қағым сәт қана.
DSC_8404 DSC_1901
DSC_1948 DSC_2008
DSC_2110 DSC_2145
DSC_8376 DSC_3601

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Ант” драмалық дастан

admin

МЕН, ҰМЫТЫЛМАЙМЫН…

admin

Бремен музыканттары

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ