Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Министрліктің жаңалықтары

«Қыз Жібек» жəне «Атаманның ақыры» көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды «Қыз Жібек» жəне «Атаманның ақыры» көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуымен құттықтады.

«Құрметті достар!
Ардақты киносүйер қауым!

Сіздерді «Қыз Жібек» жəне «Атаманның ақыры» көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қос туынды да – ұлттық кино өнерінің інжу-маржаны, жас талғамайтын өміршең дүние.

Бірі «Қыз Жібек» тарихи жырының желісінде Жібек пен Төлегеннің махабатын ғана баяндап қана қоймай, басты кейіпкерлер тағдырымен замана тыныс-тірлігінің әлеуметтік әрін, тарихи тұрпатын, мұң-мұқтажын сабақтастырып, ел-жұртты бірлікке шақырып, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсеткен жарқын фильм.

Екіншісі, өткен ғасырда қазақ жерінде болған шынайы оқиға желісімен түсіріліп, шытырман сценарий желісімен көрерменді таңдай қақтыратын қазақ кинематографиясындағы алғашқы детектив.

Меруерт апамыз фильмде Жібек арудың бар болмысын, ғашық болған кездегі сырлы сезімін, сең соққандай сергелдеңге түскен сəті мен өзекті өртеген шерімен қоса өжеттігін жүрегіне ұялатып, шынайы сомдаған.

Ал тұғырлы тұлға, мэтр Асанəлі ағамыз «Атаманның ақыры» фильмінде оқиға өрісінде тыңшы Қасымхан Шадияровтың сын сағаттағы сабырлы зерек, қырағы бейнесін ашып көрсетті.

«Қыз-Жібек» пен «Атаманның ақыры» шығармашылық ұжымның қазақ тарихындағы шежіре деректерді, ғылыми еңбектерді, этнография, әлеуметтік қарым қатынасқа байланысты жазбаларды терең зерттеген білімдарлығын танытады. Екі фильмнің құндылығы да, алтын қордан ойып тұрып орын алғаны да осында жатса керек.

Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, екі фильмнің барлық актері мен ұжымына зор ризашылығымды білдіремін»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/125883?directionId=343&lang=kk

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді

admin

Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына іс-сапармен келді

admin

Түркістанда Асқар Сүлейменовті еске алу шарасы өтті

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ