Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың бұйрығымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары болып Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы тағайындалды.
🔸Жуасбек Ерлік Тілеуқұлұлы 10 қаңтар 1985 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылында дүниеге келген.
🔸2002-2006 ж. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық драма актері» мамандығын тәмамдаған.
🔸2011-2013 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында «Көрермендерге қызмет көрсету бөлімі» менеджері.
🔸2014-2018 жыл аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Труппа меңгерушісі» болып қызметін атқарған.
🔸2018-2021 ж. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында «Көркемдік жетекші» жауапты қызметінде болды.