Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Құттықтаймыз!

Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың бұйрығымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директорының көрермен ісі жөніндегі орынбасары болып  Балажанов Дархан Байділханұлы тағайындалды.
🔹Балажанов Дархан Байділханұлы 1989 жылы 6 қазанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген.
🔹1996 – 2007 -жылы Сүмбе орта мектебін тамамдаған.
🔹2008-2012 жылдар аралығында Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚҰӨА «Театртану» мамандығы бойынша білім алған.
🔹2014 – 2017 жылдар аралығында «Қазақ әуендері» АҚ  Жоба менеджері; Сол жылдар аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты мерекелік театрландырылғын қойылымы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының  20 жылдығына арналған мерекелік концерт, ҚР Конституция күні, ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған концерттер  тағы басқа   бірнеше айтулы ісшаралардың жоғары деңгейде  өтуіне өз үлесін қосты.
🔹2017-2018 жылдар «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК «Көрермендерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы» лауазымында  табысты қызмет етті.
🔹2018 – 2019 жылдар М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «Труппа меңгерушісі» лауазымында болды.
🔹2019- жылдан 2019 жыл қыркүйек айына дейін «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы», «шығармашылық бөлімі» менеджері болды.
🔹2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан театрлар ассоциациясы» ЗТА  «Аймақтық директоры» лауазымын қосымша атқарып келеді.
🔹2020 жыл қаңтар айынан 2020 жыл қазан айының аралығында «Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК, «Гастрольдер мен халықаралық қатынастар бөлімі» менеджері қызметін атқарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Павлодарға Естайдың ұрпағы келді 

admin

«ҚАПТАН ШЫҚҚАН ҚАРА ҚЫЗ» неге «СУПЕР СЕРКЕШКЕ» АЙНАЛДЫ?

admin

Театрымыздың актеры Ербол Садырбаев “Жаңа күн” бағдарламасының студия қонағы. #ЖаңаКүн.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ