Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ТЕАТР ТЫНЫСЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. Бұл туралы «Қамшы»порталы хабарлайды.
Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымдар қатарына тұңғыш рет мемлекетіміздің өнер ошақтары 84-ші болып қабылданды.
Айта кетсек, «АССИТЕЖ» дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлар ассоциациясы 1965 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді театр әлеміне қызықтыру, театр өнерін насихаттау. Олардың өмірін театр өнерімен байланыстыру және театрдың ғажайып қыр-сырын көрсетіп, үлкен мүмкіншіліктерге қалай қол жеткізуге болатындығын көрсету.
АССИТЕЖ – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.
«АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы ұйымының мүшелері:
1. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;
2. Астана Жастар театры;
3. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
4. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі;
5. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі.
http://qamshy.kz/home/show/1279 «Қамшы» сілтейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Арда өнердің алтын қазығы — театр (фоторепортаж)

admin

“Махаббат хаттары” драмасының режиссеры Жұлдызбек Жұманбай және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тынышкүл Сұлтанбердиеваның сұхбаты “Қайырлы күн” бағдарламасында

admin

“Таң шолпан” бағдарламасы. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына 70 жыл

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ