Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ТЕАТР ДА ЖОЛДАУДЫ ТАРАЗЫЛАДЫ

Елбасы Н.Назарбаев­тың 2017 жылғы «Қазақ­стан­ның үшін­ші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақыры­бын­дағы кезекті Жолдауын Ғ.Мүсі­репов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық балалар мен жасөспі­рімдер театры ұжымы өзара талдап, саралап шықты.
Президент үндеуіне үн қосқан жиынды ашып берген театр бас­шысы Сәбит Әбдіқалықов бұл бас­қосудың елдің болашақ дамуына, алдағы Елбасы айшықтап берген стратегиялық жоспарлардың орын­далуында маңызы зор екендігін тілге тиек етті.
Алғашқы болып сөз алған театрдың көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек Жолдаудағы «ада­­ми капитал сапасын жақ­­сарту» тұрғысында айтқан мәселеге баса назар аударды. Өз сөзінде Е.Жуас­бек ұлт Көшбасшысы көрсеткен бұл тармақтың негізінде, болашақ ұрпақтың тәлім тәрбиесі мен сапалы білім алуы айтылғандығын жеткізді. Осы тұрғыда театр­дың атқарып жатқан еңбектерінің ерен және Президент айтқан міндет­терді орындау әрбір қазақ­стандықтың борышы екен­дігін айтты.
Сондай-ақ ел эко­номи­ка­сының тұрақтылы­ғының арқа­сында әлем көз тіккен мем­лекетке айналып жатқанды­ғы­мызды, оның дәлелі біздегі болып жатқан көптеген халықаралық іс-шаралар екендігін де алға тартты.
Жиынға қатысқан театр ак­теры, Алматы қалалық мәслихат де­­путаты А.Төлепов Елбасының жастардың сапалы білім алуына зор мүмкіндіктер жасап отыр­ған­дығын айтты. Осының арқасында жыл сайын мыңдаған жас шет мемлекеттерден білім алып, түйіп келген білімдерін ел дамуы жолына салып жатқанды­ғын жеткізді.

К.ШАЙЫР

Ақпарат көзі: https://aikyn.kz/2017/02/11/3606.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті

admin

Театр және кино актеры Асет Иманғалиевтің құттықтауы.

admin

Мүсірепов театры “Жусан иісі” драмасының премьерасына шақырады

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ