Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Ұстаздардың ауыр хәлі өнер сахнасына жол тартты…

30 қаңтар күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрында «Құпия» спектаклінің премьерасы өтеді, – деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

“Құпия” – қазіргі ұстаздардың жай-күйін, олардың ел алдындағы беделінің қалай құлдырағанын һәм қоғамның ащы шындығын ашып көрсететін қойылым. Шыңғыс Айтматовтың Мәңгүртінің кебін киген қазіргі мұғалімдердің ішкі арпалысы, білім саласының тізгінін ұстаған дөкейлердің дәп бір Құдайға айналғандай астамсуы аталмыш қойылымның айтар ойын түйіндейді.

27 қаңтар күні “Құпия” қойылымының Көркемдік кеңес алдындағы жабық көрсетілімі өтті. Пьеса авторы, жас драматург Жәнібек Әлкеннің өтінішімен сол көрсетілімді Abai.kz ақпараттық тілшісі де көріп қайтты.

“Құпия” жас режиссер Ерлан Кәрібаевтің алғашқы туындысы екен. Қойылымның берілу тәсілі сөзден гөрі, іс-әрекетке құрылған. Көппен бірге мәңгүрт-ұстазға айналғысы келмеген кейіпкердің ішкі бұлқынысы қазіргі күні бүкіл ұстаздар қауымының проблемасын көтеріп, шырылдап жүрген Айман Сағидолла, Өмір Шыныбекұлы, Аятжан Ахметжан секілді азаматтардың кейпін еріксіз көз алдыңызға әкеледі.

Кішкене ғана колледжде болып жатқан оқиғалар арқылы бүкіл мемлекеттің білім саласындағы былықтарын айпарадай ашып тастаған жас драматург пен режиссерге табыс тілейміз…

Ол табыс көрерменнің көп болуымен өлшенеді. Сол себепті де, премьераға асығыңыз ағайын!

Abai.kz

Ақпарат көзі: https://abai.kz/public/post/84870

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Сәбит Әбдіқалықов шетелде жүріп танылған қазақ баласын қонаққа шақырды

admin

Динара Абдуллина, актриса: «Саған сенемін» сериалына үлкен сынақпен бекітілдім

admin

ЕЛ МЕН ЕРДІҢ МҮДДЕСІ

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ