Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ШАҒУАН ҮМБЕТҚАЛИЕВ

admin

1995 жылдың 30 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келген.
2012 – 2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «театр және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.
2019 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының театр режиссеры мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.
2016 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Горкий «Шыңырау» – Васька Пепел, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Қабанбай, С.Мұратбеков «Жусан иісі» – Әжібек, Б.Есенәлиев «Базарың тарқамасын!» – Иса, Ж.Әлікен «Құпия» – Жандос, Р.Отарбаев «Ғабит» – әскери адам, Г.Горин «Ұмытыңдар, оны…» – Қарауыл, Р.Куни «№13» – Даяшы, т.б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
М.Ахманов «Күн мен Ай» – Шығайбай, Ж.Әлікен «Сиқырлы терезе» – Бэтмен,  Ә.Байбол «Әріптер әлеміне саяхат» – Т әрпі, т.б.
Режиссер ретінде қойған спектакльдері:
Орыс халық ертегісі «Туған күн» (Жеті лақ)