Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ӘСЕТ ҮМБЕТБАЕВ

admin

1986 жылдың 6 тамызында Алматы облысының Райымбек ауданы, Қарқара ауылында дүниеге келген.
2008 – 2012 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «музыкалық театр актеры» мамандығын бітірген.
2012-2014 жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында актер болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер қызметінде еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Мақсат, Ж.Әлікен «Құпия» – шаруашылық меңгерушісі, С.Мұратбеков «Жусан иісі» – Бәтен, Б.Есенәлиев «Базарың тарқамасын» – қазақ шаруасы, І.Жансүгіров «Құлагер» – Ат, т.б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
С.Қасымбек «Батыл көжектер» – қасқыр, Андерсен,Е.Л. Шварц «Мұз патшайымы» – қарақшы,  орыс халық ертегісі «Туған күн» – торай, т.б.