Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Театр тарихы

admin
Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театры

Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесінде А.Толстойдың  «Алтын  кілт» (реж. Н.И.Сац) спектаклімен тұңғыш рет тұсауын кесті.
Театрдың қазақ труппасындағы алғашқы қарлығаштары: А.Мәмбетова, Ж.Бектасова, Қ.Жәкібаев, Д.Шәріпов, К.Өмірзақов, Х.Камардинова, К.Закарина, Т.Қосыбаевалар болды. Бұлармен бірге, театрды құруға: Т.Жармұхамедова, Е.Қонақбаев, Ы.Қасымов, Қ.Жаманов, Н.Бәйімбетов, С.Ысқақова, Х.Әзімбаева, С.Омарходжаевалар қатысты. Олардан кейін әр жылдары театрға келген Қазақстанның халық артистері: Б.Қалтаев, С.Саттарова, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова, М.Бақтыгереев, Р.Әшірбекова, А.Кенжеков, Д.Жолжақсынов, т.б.; ҚР-ның еңбек сіңірген артистері: А.Ысмайылов, М.Құланбаев, Б.Құланбаева, М.Жақсымбетова, К.Мұраталиева, А.Айдарбеков, С.Есенқұлов, К.Қажығалиева, Г.Қазақбаева, Л.Кәден, Т.Құралиев, А.Бектемір, К.Демесін, Е.Төлеубай, Б.Сейітмамытұлы, С.Жылгелдиев, Ж.Лебаева, С.Қарабалиндер болды. Сонымен қатар,бүгінде репертуар жүгін көтеріп жүрген: Ж.Құрманбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Т.Сұлтанбердиева, С.Рақышев, Ш.Сіргебаева, Қ.Қуандықов, К.Белжанова, Р.Қалиолдина, Ж.Бектемірова, К.Байтілеуова, Ж.Зейнәбіл, Л.Серікова, Р.Омаров, А.Иманбаева; және С.Бектау, Е.Әбдірешов, Р.Байзақова, С.Шаймерденов, сондай-ақ, көптеген жас таланттар қазақ театры сахна өнерінің одан әрі өрлеуі жолында жігерлі еңбек етуде.
1992 ж. Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне, Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің Жарлығымен театрға ұлы жазушының есімі берілсе;
1996 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жарлығымен театр өнерін дамытуға және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, «Академиялық»  дәрежесі  берілді.  
Театрдың өсіп-өркендеуі мен кәсіби деңгейінің көтерілуіне Н.И.Сацтан бастап, режиссерлер: С.Шәріпов, Т.Сидоров, Мен Дон Ук, С.Естемесова,  Г.Хайруллина, В.Пұсырманов, Е.Обаев, М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Р.Сейтметов, Н.Жақыпбай, Ж.Хаджиевтер мол үлес қосты.
Театр өзіндік тарих жолында түрлі кезеңдерді артта қалдырып, талай белестерге көтерілді. 1958 ж. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар театрларының фестивалінде «Ыбырай Алтынсарин» (авт. М. Ақынжанов) спектаклі екінші дәрежелі дипломды иеленді. Спектакльдегі үздік өнерлері үшін артистер: Б.Қалтаев, С.Саттарова, Ә.Өмірзақова, қоюшы-режиссер А.Тоқпанов фестиваль лауреаттары атанды.1966 ж. Мен Дон Ук қойған Ш.Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындар» спектаклі театрға Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығын әперді. 1983 ж. М.Әуезовтің «Алуа» драмасының режиссері Р.Сейтметов пенспектакльде ойнаған артистер: М.Бақтыгереев, М.Құланбаев, Г.Қазақбаева Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1985 ж. Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқауда «Жау тылындағы бала» (авт. Қ.Қайсенов, инсц.О.Бөкей, реж. Н.Жақыпбай) спектаклі ІІІ дәрежелі диплом алды. 1995 ж. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай өткен Республикалық фестивальде «Желсіз түнде жарық ай» (авт. М.Әуезов, инсц. Ш.Айманов) спектаклі І Жүлдеалды және қойылым режиссері Н.Жақыпбай «Ең үздік режиссерлік шешімі үшін» жүлдесімен марапатталды. 1998 ж. Каир қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінде «Жан азабы»(авт. Ш.Айтматов, реж.Н.Жақыпбай) қойылымы үздік спектакльдер  қатарынан көрінді. 1994 ж. реж. Е.Обаев қойған Ә.Таразидың «Індет» трагикомедиясы1997 ж. өткен Республикалық театр фестивалінде Бас жүлде иеленсе,1998 ж. Түркі халықтарының театр фестивалінде арнайы дипломға ие болды.
Театр жаңа мыңжылдықтың табалдырығын ұлттық сахна өнеріндегі өзіндік орнын белгілеген айқын да нық қадамдармен аттады.
2002 ж. Иран-Ғайыптың «Қорқыттың Көрі» спектаклі Қазан қаласында өткен «Түркі  халықтарының театр фестиваліне» қатысып, Қорқыт рөліндегі Б.Сейітмамытұлы лауреат атанды.
2003 ж. Республикалық театрлар фестивалінде Ж.Хаджиев қойған І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» тарихи драмасы;
2004 ж. кезекті Республикалық байқауға қатысқан С.Жүнісовтің «Тұрымтайдай ұл еді…» спектаклі Бас жүлдені иеленді.
2006 ж. Астана қаласында өткен Республикалық фестивальде Т.Теменовтің «Алма бағы» драмасы «Замандас тақырыбы» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.
2006 ж. Уфа қаласында өткен ІV Түркітілдес елдері театрларының Халықаралық «Туғанлык» фестивалінде «Алма  бағы» спектаклінде Шал бейнесін сомдаған ҚР-ның еңбексіңірген артисі Т.Құралиев «Аталар дәстүріне құрмет» арнайы сыйлығымен марапатталды.
2007 ж. 27 – 30 наурыз аралығында Шымкентте өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысқан С.Сматаев, Т.Теменовтің «Көгілдір такси» мелодрамасында Мариям рөлі үшін, актриса К.Шаяхметова «Ең үздік әйел бейнесі үшін» лауреат атанды.
2008 ж. 2 – 7 қыркүйегінде «Жұмақтағы жасын» (авт. У.Сароян, ауд. Д.Рамазан, реж. Т.Ахметов) спектаклі Алматы қаласында өткен ІІ Халықаралық Орта Азия мемлекеттерінің театр фестивалінде «Ең үздік шетел классикасын сахналаған қойылым» Жүлдесін иеленді.
2009 ж. 17 – 27 қараша аралығында Сеулде өткен «Ұлы Жібек жолы» театр фестиваліне «Мулен Ружға шақыру» (авт. және реж. Т.Теменов) спектаклімен қатысты.
2010 ж. 22 – 24 сәуіраралығында театр Мәскеу қаласында гастрольдік  сапарда болды.
2010 ж.27 – 30 мамырда Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық Орта Азия халықтарының театр фестиваліне қатысқан Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасында Әсел рөлімен А.Жантілеуова  «Ең  үздік  әйел  бейнесі  үшін» лауреат  атанды.
2011 ж. 25 – 30 наурыз аралығында «Қызыл орамалды шынарым» (авт. Ш.Айтматов, реж. Т.Теменов) драмасымен Түркияның Адана қаласында  өткен «Ұлы Жібек жолы» атты Түркітілдес елдердің халықаралық театрлар фестиваліне;
2012 ж. 15 – 19 сәуірде Ашхабад қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысып келді.
2012 ж. 21 – 27 қазан аралығында  Алматықаласында  өткен  ІV Халықаралық Орта Азия елдерінің республикалық театр фестиваліне қатысқан «Карменсита» (авт. және реж. Т.Теменов) спектакліндегі Кармен рөлімен Ж.Мақашева фестивальдің «Ең үздік әйелбейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
2013 ж.15-16 қараша күндері Ш.Айтматовтың 85 жылдығына орай, Бішкек қаласында өткен «Арт-Ордо» Халықаралық театр фестиваліне М.Әуезовтің «Ай-Қарагөз…» (инсц. және реж. Т. Теменов) трагедиясымен;
2014 ж. 10 – 19 қыркүйегінде Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне «Естайдың Қорланы» (авт. Иран-Ғайып, реж. М. Ахманов) спектаклімен;
2016 ж. 20 – 30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тынысбір дауыс» атты Халықаралық театр фестиваліне «Қара шекпен» (авт.Г.Хугаев, ауд.Қ.Төлеуішов, реж.А.Маемиров) спектаклімен қатысты.
2015 ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлары ассоциациясының қатарына 84-ші болып қабылданып, қазақстандық ұйымның орталығы болып бекітілді.
2016 ж. мамыр айында Е.Аманшаевтың «Ол» моноспектаклі «Дидар» ІІ Халықаралық театр өнерінің эксперименттік фестиваль-лабораториясында «Ең үздік қойылым» номинациясына ие болды.
2017 ж. сәуір айында театрдың «Ол» (авт. Е.Аманшаев, реж. Е.Кәрібаев) атты психологиялық драмасы Ақтөбе қаласында өткен ІІ Республикалық «Балауса» экспериментальдық спектакльдер фестиваліне қатысып, Д.Базарқұлов «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясына ие болды.
2017 ж. 22-24 мамыр аралығында ақын-драматург Иран-Ғайыптың 70 жасқа толуына арналған «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты Республикалық театр фестивалінде автордың «Естайдың Қорланы» (реж. М.Ахманов) махаббат-намасындағы Қорлан бейнесі үшін, актриса Ж.Лебаева «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясын иеленді.
2017 ж. 9-13 қыркүйек аралығында белгілі театр сыншысы Ә.Сығайдың 70 жылдығына орай өткізілген ХХV Республикалық драма театрлары фестиваліне қатысқан «Шыңырау» (авт. М.Горкий, реж. Д.Базарқұлов) драмасы «Режиссерлық дебют» аталымы бойынша марапатталды.
2017 ж. 8 – 12 желтоқсанда, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрының 45 жылдығы аясында;белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хаджиевтің рухына арналған Іаймақтық театр фестивалінде «Ант» (авт. Т.Ахтанов, реж. Ж.Хаджиев) драмалық дастаны «Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығымен» марапатталды.
2018 жылдың сәуірінде Ақтөбе қаласында өткен: Т.Ахтановтың 90 жылдығына арналған ІІІ Республикалық «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестиваліне «Шыңырау» (авт. М.Горький, реж. Д.Базарқұлов) драмасы қатысып, «Үздік спектакль» номинациясына ие болды.
Маусым айында, ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінде «Қара шекпен» (авт. Г.Хугаев, ауд. Қ.Төлеуішов, реж. А.Маемиров) әфсанасын ұсынды.
2018 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында өткен Н.Жантөриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің І Халықаралық театр фестиваліне «Шыңырау» (авт. М.Горький, реж. Д.Базарқұлов ) спектаклімен қатысып, қарт теңіздің бойын мекен еткен елдер театрларынан келген әріптестер алдында, қазақ театр өнерінің биік үлгісін паш ете білді.
2019 ж. 20 – 25 қыркүйекте Семей қаласында Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай өткен XXVII Республикалық театрлар фестивалінде «Адам-Зат» спектаклі «Ең үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды.
2019 ж. 15 – 19 қазан аралығында Жезқазғанда өткен Ж.Хаджиев атындағы ІІІ Халықаралық театрлар фестивалінің шымылдығын ашқан «Ұмытыңдар оны…»  (реж. Ж.Жұманбай, авт. Г.Горин, ауд. Қ.Төлеуішов) спектаклінде Герострат бейнесіменактер – М.Рахмет «Үміт» аталымы; Тиссаферн образын сомдаған ҚР-ның еңбек сіңірген артисі С.Қарабалин «Екінші пландағы үздік ер адам» номинациясына лайық деп танылды.
2016 жылдан бері: 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, «Алтын сақа» дәстүрлі театрішілік жаңа қойылымдар фестивалі жыл сайын өткізіліп, бір жыл аясында сахналанған спектакльдердегі рөлдер бойынша жұмыстар сарапталып, театр артистері арасында түрлі номинациялар бойынша жүйріктер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапатталады.
Театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның  75-і артистер; қалғаны әкімдік, шығармашылық қызметкерлері және техникалық  құрам жұмыскерлері.