Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

Сәуір айының 17-і күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі  жанынан  құрылған ведомстволық бағынысты мәдени ұйымдарының қызметкерлері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өтті.

Шараның мақсаты – қоғамды қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру,қала аумағын көгалдандыруға үлес қосу болып табылады. Іс-шараға Алматы қаласында орналасқан мәдени ошақтармен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы да ат салысты. Театрымыздың белді актерлары Әсет Иманғали мен Бейбіт Камаранов ұжым атынан акцияда бой көрсетті. Аталмыш іс-шара өз жалғасын табады деп сенеміз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мүсірепов театры «Ұмытыңдар оны…» қойылымын сахналады

admin

Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шыңдар мен биік белестер тілейміз!

admin

Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасының көрерменге айтары көп

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ