Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Достарым, бүгінгі халқымыздың ұлы мерекесі – Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!

36492334_406562973165026_7098221505829404672_nҚазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра.

36440761_406562386498418_7084146902295379968_nБүгін қасиетті домбыраны қолына алып, осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда халық алаңға күймен шықты. Елордамыз Астанада Елбасымыздың қатысуымен екі мыңнан астам домбырашы бір уақытта күй шертті! Мерекенің тұсау кесер рәсімі осылай өтті, достарым. Жылдар өте бүкіл қазақ халқы осы мерекеге бәрі домбыра ұстап, шаттық күйін шертеді деп кәміл сенемін.

36514070_406562453165078_3300694457308938240_nКиелі домбырамыз күмбірлеп, үні мәңгі асқақтай берсін!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Роза Әшірбекова: Әмина Өмірзақова қолымнан жетектеп жүріп, сахна мәдениетін үйретті

admin

Алматы қалалық Ардагерлер үйінің ұжымы шарттар күніне орай өз өнерлерін паш етіп, əдемі көңіл сыйлағаны үшін театр директоры мен ұжымға ризашылықтарын алғыс хатпен білдірді.

admin

Құттықтаймыз!

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ