Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Премьера. Мүсірепов театрында «Махаббат хаттары» драмасы қойылады

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 18 мамыр күні Альберт Гернидің «Махаббат хаттары» драмасы қойылады. Драманың қоюшы-режиссері – Жұлдызбек Жұманбай, қоюшы-суретшісі – Қуат Түстікбаев.

Америкалық өршіл сенатор ғұмыр бойы өзімен хат алысқан әйелдің қазасынан кейін өткен өмірін бір сәт еске алады. Екі жүрек, шөліркеген кейіп… Құнарсыз күлкі мен тамшы көз жасы. Хаттар, хаттар…

Бір-бірін іздеу, сағыну, аңсау, күту, күю мен жану… Әлемнің әр түкпірінде өз өмірлерін сүріп жатса да, алғашқы Махаббатты ұмытпау. Жан тебірентерлік драманы көріп әсерленгіңіз келсе, «Махаббат хаттарын» көруге келіңіз! Қойылымда психологиялық толқыныстардан өзге ештеңе де жоқ. Және қажет те емес!

Драмадағы кейіпкерлер рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тынышкүл Сұлтанбердиева (Мелисса) мен Қадырғазы Қуандықов (Энди) сомдайды. Сахна төрінде «Махаббат хаттарына» жан бітіреді.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ТЕАТР ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТПЕК

admin

Айгүл Иманбаеваның бағын ашқан театр мерейтойын студенттермен бірге тойлады. Толығырақ 20:15-те #Headliner бағдарламасынан көріңіздер! #ТВ #Алматы #ХитТВ #HITTV

admin

“ЖАҢА ФОРМА КЕРЕК! ОЛ БОЛМАСА, ТЕАТРДЫҢ БАРЫНАН ЖОҒЫ!” Елік Нұрсұлтанның “Шағала” спектакліне талдау.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ