Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу

admin

 Ғабит Мүсірепов

«Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу» (трагедия)

Қоюшы-режиссер – Жанат Хаджиев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы-суретші – Ерлан Тұяқов
Композитор – Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сахна сайыстарын қойған – Аман Құлбаев          
Режиссердің ассистенті – Жұлдызбек Жұманбай
Режиссердің көмекшісі – Әлия Әбсаттарова
Репертуардағы бұл спектакль – бақытқа ұмтылған қос ғашықтың махаббат жолындағы тартысқа толы тағдырын сөз етер сахналық туынды.
Жастық пен махаббат, сұлулық  пен  нәзіктік,  шынайылық  пен  іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты, сертке берік екі жас арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие-тағылым мектебі екені хақ…
Ұлы Ғабаң (Ғ.Мүсірепов) жазған бұл туынды – көпшілік-көрерменге оқиғасы жағынан өте кеңінен таныс. Дегенмен, бұл жолғы Қозы да, Баян да – басқа… Жаңа… Жаңаны көруге асық, құрметті  көрермен!
Спектакльдің премьерасы:   13 наурыз, 2011 жыл