Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ОЛЖАС САХОВ

admin

1988 жылдың 25 желтоқсанында Түркістан облысының Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туған.
2007 – 2011 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «театр және кино актеры» мамандығы бойынша, кәсіби жоғары білім алып шыққан.
2011-2012 жылдары «Қазығұртфильм» киностудиясында;
2012 – 2014 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасында;
2014 – 2016 жылдары «Балапан» арнасында балаларға арналған «Жүзден жүйрік» бағдарламасының жүргізушісі болып қызмет еткен.
2016 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер ретінде еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Горький «Шыңырау» – Клещ, С.Мұратбеков «Жусан иісі» – Қосым, Б.Есенәлиев «Базарың тарқамасын» – өзбек саудагері, С.Балғабаев «Енелер мен келіндер» – портрет, Ж.Әлікен «Құпия»  – мұғалім, Р.Отарбаев «Ғабит» – Сәкен, Р.Куни «№13» – Мәйіт, І.Жансүгіров «Құлагер» – Ат, т.б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
М.Ахманов «Ай мен күн» – шайтан, С.Қасымбек «Батыл көжектер» – қасқыр, Ә.Байбол «Әріптер әлеміне саяхат» – С әрпі, Г.Х.Андерсен,Е.Л. Шварц «Мұз патшайымы» – қарақшы, орыс халық ертегісі «Туған күн» – Жылауық, т.б