Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ОЛ

admin

Ермек Аманшаев
“Үзілген бесік жыры” психологиялық драмасы желісі бойынша

«ОЛ» (драма)

Режиссері – Ерлан Кәрібаев
Қойылымның көркемдік-идеялық мақсаты – қазіргі әлеуметтік қоғамға сай саналы ұрпақ, салиқалы тұлға қалыптастыру. Бұл спектакльдің көрерменге рухани азық беруде маңызы орасан.
Режиссер Ерлан Кәрібаевтың трактовкасы бойынша жеке адамның тағдыры арқылы бүгінгі өмірдегі әлеуметтік қайшылықты көрсетеді. Басты рольдегі актер Данияр Базарқұлов – Ол кейіпкерінің өмірден өз орнын іздеген философиялық толғанысын, шынайы шындықтың құпиясын жан-жақты қарастыруға ұмтылған іштей тартысы кімді болмасын ойландырары анық.
Ақпарат пен техника құралдарының дамыған заманында адам жанының құнсыздануы қазіргі кезде басты мәселеге айналып отыр. Осындай күрделі дүниелердің шешімін іздеуге шақыратынмоноспектакльді көруге асығыңыздар.
Спектакльдің премьерасы: 25 наурыз 2016 жыл