Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова
Новости СМИ Новости учреждения

“Өнер өрендері жарыс алаңына шықты”

“Алматы ақшамы” 30.05.2015ж

Балнұр Ахмет.

Жақында Алатау ауданы “Шаңырақ-1” ықшамауданындағы Республикалық Олимпиада резервін даярлау мектебінің спорт алаңында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей бастамасымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздағы 30-ға жуық республикалық мәдени мекемелер мен өнер ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Елбасы Жарлығымен бекітілген бұл мейрам елімізде тұңғыш рет 2012 жылы атап өтілген болатын. Мерекелік сайыс шағын футбол, шахмат, жүгіру, кір тасын көтеру, арқан тарту тәрізді спорт түрлері бойынша өтті. Жарыстың мақсат – спорттық сауықтыру жұмыстарын насихаттау, жарыстың үздік спортшыларын анықтау, қызметкерлер арасында спорттық шеберлікті жетілдіру және жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу болып табылады.

Алаңға жиналған жан-күйерлер өздерінің командаларын қошеметтеп, қызу қолдап отырды. Әрбір сәті қарбаласқа және қайталанбас қызыққа толы болған бұл жарыс өнер ұжымдарының ұйымшылдығы мен ауызбіршілігін айқын көрсетті. Бойында күш-жігері тасыған жастардың жүрегінде жеңіске деген ынта-ықыласын арттырып, оларды алға қарай ұмтылдырды.
Жарыс қорытындысы бойынша футбол, волейбол мен ерлер арасындағы жүгіруден Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жеңіс тұғырына көтерілді. Арқан тарту сайысынан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ең биіктен көрінді. Қыздар арасында жүгіру бойынша Республикалық неміс театрының арулары алдарына жан салмаса, шахмат ойынында Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” ұжымының жұлдызы жанды. Кір тасын көтеру сайысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қызметкерлері жеңіске жетті. Сондай-ақ, дүркіреген додада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының құрама командалары жеңімпаздар қатарынан орын алды. Жарыс соңында әр спорт түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен дипломдармен марапатталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Театрға басшы болған Азамат Сатыбалды “хайп қуғандарға” қойылым арнады

admin

Гүлбаһрам Байбосынова: “Мен егіздің сыңарымын”

admin

В восточном стиле исполнили трагедию Шекспира в Алматы (ФОТО)

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ