Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Наурызбай ауданында ерекше мұқтаждығы бар балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі өтті

Балаларды ертегі әлемінің кейіпкерлері қарсы алды

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған 1310 бала үшін жаңа жылдық мерекелік шара ұйымдастырылды,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдық кеште ертегі кейіпкерлері театрландырылған «Мұз патшайымы» қойылымын көрсетіп, Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ басқа да ертегі кейіпкерлері балалардың көңілін көтеріп, көпті тәнтті етті. Шарада әр бала сыйлыққа ие болды.

Әдемі костюмдерін киіп, қуаныштан жүздері жарқыраған балалар бас шырша мерекесіне асыға келді. Өйткені оларды театр кіреберісінен бастап түрлі-түсті костюм киген ертегі әлемінің кейіпкерлері қарсы алды.

Бас шыршаға жиналған балалардың әрқайсысы ерекше қамқорлықты қажет етеді. Басым бөлігі балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балғындар мен тұрмысы төмен отбасылардың бүлдіршіндері. Шараға жиналғандардың аса дайындықпен келгені байқалады. Өйткені бір-біріне мүлде ұқсамайтын ерекше әрі әдемі костюм киіп келіпті. Мейрамда Аяз ата мен Ақшақар балалардың көңілін көтеруге тырысты.

Сондай-ақ шараға аудандық «Бақытты отбасы» орталығының белсенді аналары қатысып, ұйымдастырушыларға жүрекжарды тілектерін білдіріп, жаңа жылдық мерекемен құттықтады.

Кейін, Жаңа жылдық шыршаның шамы жағылып, шараның көркі одан сайын ашылды. Балалар жасыл шыршаны шыр айналып, мәре-сәре болды.

Жаңа жылдық шарада аудан әкімінің тарапынан қатысушыларға және Қазақстан халқына тілек айтып, балалардың жаңа жылға іштерінен тілеген тілек пен арман-ойларының орындалуын және бастысы – жақсы оқып, білімге ұмтылып, Еліміздің лайықты азаматтары болуды тіледі.

Ақпарат көзі: https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/1208-nauryzbay-audanynda-erekshe-muktadgdygy-bar-balalarga-arnalgan-dgana-dgyl-merekesi-otti

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тарлан актерге тақта орнатылды 

admin

Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың туғанына 100 жыл

admin

Театрымызда лауазымдық ауысу!

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ