Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Наурыз думан

admin

Мұрат Ахманов

«Наурыз думан» (музыкалық ертегі)

Қоюшы режиссері – Мұрат Ахманов ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы суретшісі –  Бақыт Сраилов ҚР мәдениет қайраткері
Киім үлгілерінің суретшісі – Эльмира Шарапова
Музыкасын жазған – Әбиірбек Тінәлиев
Наурыз – Жыл басы, жердің жаңаруы… «Наурыз думан» спектаклі – қойылым кейіпкерлері: Ай мен Күн, Жыл иелері, Жыл мезгілдері, Қызыр баба, асыл әжелердің жағымды бейнелері арқылы, кішкентай көрермендеріміздің көңілдеріне жарқын жол тауып, олардың ішкі танымдық-сана көздерін, ұлттық рухтағы таза да мөлдір, тұнық тағылым бастауларын ашады.
«Наурыз думан» сахналық ертегісі – «баланы бастан» тәрбиелейтін танымдық тартымды туынды.
Спектакльдің премьерасы: 20 мамыр, 2011 жыл