Дүйсенбі, Желтоқсан 6, 2021
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

НҰРСЕРІК КЕҢЕСБАЕВ

admin

1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қаласында туған.
2002 – 2004 жылдары Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы №128-ші қазақ орта мектебінде;
2004 – 2011 жылдар аралығында Алматыдағы М.Базарбаев атындағы 138-ші нөмірлі гимназияда орта білім алған.
2011 – 2014 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің драма театрының әртісі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2014-2015 жылдары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында;
2015 – 2018 жылдар аралығында Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында актер болып қызмет еткен.
2018 жылдың 31 қазанынан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында артистік еңбек жолын жалғастырып келеді.
Ойнаған рөлдері:
Ж.Әлікен «Құпия» – студент, Р.Отарбаев «Ғабит»– әскери адам, Р.Куни «№13» – Пигден, Е.Жуасбек «Олжа»– Мұхтар, І.Жансүгіров «Құлагер» – қара халық.