Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

“Мың тыныс және бір дауыс” атты Халықаралық театрлар фестиваліне жол тартты

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры  20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында болатын “Мың тыныс –  бір дауыс” атты Халықаралық театрлар фестиваліне аттанып кетті. Түркияның төрт театрынан бөлек, Әзірбайжан, Молдава, Болгария, Македония, Кипр, Грузия, Қытай мемлекеттерінің өнер ошақтары қатысатын фестивальге Қазақстанның атынан жоғарыда аталған театр ұжымы жолдама алған болатын.
Биыл 9-шы рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық фестивальге театр ұжымы Г.Хугаевтың “Қара шекпен” қойылымын дайындаған. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

Рөлдерде ойнайтындар:  Данияр Базарқұлов, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Жанар Мақашева, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ерлан Кәрібаев, Гүлбахрам Байбосынова, Ербол Садырбаев, Ербол Идрисов және  Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев.

26 сәуірде «Қара шекпен» әфсанасы көрермен назарына ұсынылады.      “Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең құдіреттісі де, ең әдемісі де – Адам”…
Ал, Біз, дәл осындай “дәрежеге” расымен, лайықпыз ба?!

Кез-келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, жан азығынан мақұрым қалған адамдай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз…»
Дәл осы сауалдарға жауап іздейтін “Қара шекпен” қойылымы – түркітілдес халықтардың зор ықыласына бөленеді деген сеніммен, театр ұжымына сәттілік тілейміз!!!

 Театрдың баспасөз бөлімі

DSC_1547 DSC_1548 IMG-20160420-WA0017 IMG-20160420-WA0015 IMG-20160420-WA0014

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛГЕН ЕДІ»

admin

Мүсірепов театрының Жаңа жылдық қайырылымдылық шыршасы

admin

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты xатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлының төрағалығымен, министрлікке бағынысты мекемелердің баспасөз xатшыларымен кеңес отырысы өтті.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ