Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Мезет» фильмінде басты рөлді сомдаушы Гүлбаһрам Байбосынова – «Таңшолпан» студиясында қонақта

Гүлбаһрам Байбосынова фильмде Айша есімді кейіпкердің рөлін сомдайды.

Ертеңнен бастап, ел кинотеатрларында «Мезет» атты жаңа отандық фильмнің тұсауы кесіледі.

Туындының режиссері – Ақжол Әбілов пен басты рөлді сомдаушы Гүлбаһрам Байбосынова – «Таңшолпан» студиясында қонақта.

«Мезет – қолданыстан шығып қалған сөз. Бірінші мақсатымыз – қайта сөздік қорымызға енгізу болса, фильмнің өзі бір сәттік өмірді баяндайды. Сондықтан, осы атауға тоқтадық», дейді Ақжол Әбілов.

Гүлбаһрам  Байбосынова  фильмде Айша есімді кейіпкердің рөлін сомдайды.

«Отбасымызда бес қыз өстік. Тұрмыстағы әпкелерімнен көрген-түйгенім бар. Сондықтан, ананың рөлін алып шығу аса қиынға түскен жоқ. Бағасын көрермендер бере жатар», дейді актриса.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Тарихи тұлғаларды сомдағым келеді»

admin

Мұқағали Мақатаевтың елесі театр сахнасынан көрінгені рас па?

admin

«Көңіл толқыны». Анимация. Тынышкүл Сұлтанбердиева, Нұрбақыт Намазбеков

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ