Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мемлекеттік хатшы “Сахнагер-2017” Ұлттық театр сыйлығын тапсырды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Бүкіләлемдік театр күніне орай тұңғыш рет тағайындалған «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығымен марапаттау салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Сондай-ақ, оған Парламент депутаттары, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, еліміздің танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел дамуында мәдениет пен өнердің маңызды рөліне аса мән беретінін атап өтті.

“Тәуелсіздік жылдарында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, 52 театр табысты жұмыс істеуде, «Астана Опера», «Астана Балет» театрлары, Қазақ Ұлттық өнер университеті, Қазақ Ұлттық хореография академиясы бой көтерді. 2016 жылы құрылған Қазақстан театрлары қауымдастығының еліміздің рухани-мәдени өмірінің дамуына маңызды үлес қосты, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, Мемлекет басшысының еліміздің Үшінші жаңғыруында белгілеп берген мақсаттарын іске асыратынына сенімдімін” – деді мемлекеттік хатшы.

«Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығы еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыратын шығармаларды жасауға, елдің біртұтас мәдени кеңістігін нығайтуға, қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған

Еске сала кетейік, бұған дейін “Сахнагер-2017” сыйлығының иегерлерін жариялаған болатынбыз.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Ақпарат көзі: https://baq.kz/kk/news/oner/memlekettik_hatshi_sahnager2017_ulttik_teatr_siiligin_tapsirdi20170327_224500

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

People and Technology to PC Tablet Computer Screen

admin

Қара шекпен” спектаклі. Авт. – Г.Хугаев; Реж. – А.Маемиров; Тұзар – Д.Базарқұлов; Қосүрей – Л.Кəден #Мүсіреповтеатры #Қарашекпен

admin

Бүгінгі “Кейіпкер келбеті” бұрышының қонағы, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты – Данияр Базарқұлов көрермендермен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Бүгінгі кездесу бұрышының екінші кейіпкері – Жанар Мақашева белгілі бір себептермен қатыса алған жоқ. Барша көрермендерден кешірім өтінеміз.

admin

ПІКІР ҚАЛДЫРУ