Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

МАҚСАТ РАХМЕТ

admin

1990 жылы, 6 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
2008 – 2012 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы қабырғасында «Музыкалық театр актеры» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2014 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде-миялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етеді. Атап айтқанда, 2014 жылы келісім-шартпен хореограф міндетіне қабылданып, 2017 жылы актерлық қызметке ауыстырылған.
Ойнаған рөлдері:
У.Шекспир «Бір сен үшін тудым…» – Тибальд, Г.Горин «Ұмытыңдар оны…» – Герострат, І.Жансүгіров «Құлагер» – Құлагер.