Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

МҰЗ  ПАТШАЙЫМЫ

admin

Г. Х. Андерсен және Е. Л. Шварц
ертегілерінің желісі бойынша инсц.Д. Әбікеева

«МҰЗ  ПАТШАЙЫМЫ» (музыкалық ертегі)

Қоюшы-режиссер– Динара Әбікеева Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Қоюшы-суретші – Алтынай Жүсіпәлі
Балетмейстер – Ринат Билибаев
Музыкасын өңдеген – Динара Әбікеева
Режиссердің ассистенті – Толқын Нұрбекова
Тақырыбы жағынан бұрыннан таныс шытырман оқиғалы бұл қойылым несімен ерекшеленеді? «Мұз Патшайымы» ( «Снежная Королева» ) ертегісін білмейтін бала бар ма?..
Жан жылуы молынан болған жерде сұрқай табиғат, сұрқия күш те, күңгей көңіл мен шытынаған түрлі сынақтар да қауқарсыз екеніне көз жеткізесіз. Достық пен мейірім – мұз боп қатқан тас-жүректерді де жібітеді!
Мұз Патшайымы сарайының айнадай жып-жылтыр, керемет те сұсты кейпін сезініп, қызықты кейіпкерлерімен танысқыларыңыз келсе, өздеріңізге арналған қойылымды көруге келіңіздер!
Спектакльдің премьерасы: 21 желтоқсан, 2019 жыл